СҚО полициясы «Таза Қазақстан» аясындағы экологиялық шығармашылық байқауға қолдау көрсетті

СҚО полициясы «Таза Қазақстан» аясындағы экологиялық шығармашылық байқауға қолдау көрсетті

https://youtube.com/shorts/44wUcYE8Trc?feature=share 

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Эко арт: Заттардың екінші өмірі» атты шығармашылық байқау ұйымдастырды. Іс-шара жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті. 

Қазақстан Конституциясы көшесінде Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің студенттері қайта өңдеуге жарамды материалдардан жасаған туындыларын ұсынды. Байқаудың мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру, заттарды қайта пайдалану және ресурстарды тиімді тұтыну қағидаттарын насихаттау. 

Экологиялық шығармашылық байқаудың бас жүлдесін Ақжар ауданындағы Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі жеңіп алды. Бірінші орынды Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі иеленді. Жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Ұйымдастырушылар жастармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыруға полицияның қосқан үлесін атап өтті. Ынтымақтастық үшін СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Сайран Саркеновке алғыс хат табысталды. 

Мұндай бастамаларға қатысу – полицияның «Таза Қазақстан» бағдарламасы және жалпыға ортақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмысының бір бөлігі. Өз кезегінде полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.