СҚО полицейлері тыл еңбеккерлері — ардагерлерді құттықтады

СҚО полицейлері тыл еңбеккерлері — ардагерлерді құттықтады

СҚО полицейлері ведомство ардагерлеріне әрдайым қамқорлық көрсетіп келеді. Жеңіс күні қарсаңында ерекше құрмет Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ішкі істер органдары жүйесінің өкілдеріне көрсетілді. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ СҚО ПД госпиталі мен емханасының медицина қызметкерлері 9 мамыр қарсаңында милицияның отставкадағы майоры, 93 жастағы Владимир Ипполитовтың үйіне барды.

Ол ішкі істер органдарындағы қызметке ширек ғасырын арнап, облыстық ішкі істер басқармасы кезекші бөлімінің аға инспекторы секілді аса жауапты лауазымнан зейнетке шыққан. 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары Валентина Волкова мен Любовь Таратутаны да құттықтады. Олар да облыстық милицияда қызмет атқарған. Екі ардагер де 1936 жылы дүниеге келген және соғыс жылдарының ауыртпалығын толықтай бастан өткерген. 

Полицейлер ардагерлерге гүлдер мен сыйлықтар табыстап қана қоймай, медициналық тексеру жүргізіп, тыл еңбеккерлері мен олардың туыстарына кеңес берді. Мұндай кездесулер тек мереке күндерімен шектелмейді. Ішкі істер органдарының әрбір ардагері әріптестерінің қамқорлығы мен ықыласына бөленіп келеді. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.