СҚО-ның бас полицейі ІІО-да 30 жылдан астам өтілі бар ардагерді қарттар күнімен құттықтады
Қарттар күні қарсаңында тәртіп сақшылары ведомство ардагерлеріне барып, мерекемен құттықтауда.
СҚО полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері Ермек Талғарбаевқа барды. Ол Жамбыл облысының тумасы. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған. Қызметтің басым бөлігі Шу станциясында өткен. Бұл жерде милицияның балалар бөлмесінде, қылмыстық іздестіру бөлімдерінде қызмет атқарып, басшылық қызметтерге дейін жеткен. 1992 жылы ол Солтүстік Қазақстан облысында қызмет атқаруға ауыстырылды. Облыстық ішкі істер басқармасының кадр жұмысы желісіне жетекішілік еткен. Биыл Ермек Викторханович 73 жасқа толады. Органдардағы өтілі – 31,5 жыл. Ол СҚО ПД және Ұлттық ұланның Ардагерлері кеңесі өткізетін іс-шараларға белсенді қатысып тұрады.
Солтүстікқазақстандық полицияның бастығы ардагерді мерекемен құттықтап, жас қызметкерлер арасында мол тәжірибемен бөлісу жалғастыруды тіледі. Сондай-ақ әкесінің жолын қуып, қалалық полиция басқармасында тергеу бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарып жүрген баласы Маратты тәрбиелегені үшін алғысын білдірді.
Мереке қарсаңында СҚО полицейлері 100 астам зейнеткерге барып қайтты. Облыс орталығында полиция бөліністерінің бастықтары мен жеке құрамы Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, қарт әріптестеріне мекенжайлары бойынша бармақ. Ауылды жерлерде зейнеткерлер аудандық бөліністерге шақырылып, жастармен кездесуде. Ардагерлер кеңесі әріптес зейнеткерлеріне көмек көрсету мақсатында 1,5 миллион теңге қаражат бөлді.
«Бұдан бөлек, ардагерлер арасында Қарттар күніне орайластырып өткізілетін концертке билеттер үлестірдік, - дейді СҚО ПД және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов. – Полиция ардагерлері әрдайым біздің және қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің назарымызда. Материалдық, медициналық көмек көрсетеміз, мерейтой иелерін құттықтаймыз. Ауылды жерлерде ардагерлерге отынмен, жеп-шөппен көмектесеміз. Ведомство зейнеткерлеріне қамқорлықпен қарау – Қазақстан полициясының маңызды қағидаттарының бірі».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]