Жамбыл облысында «Нашақорлықсыз болашақ» атты сурет байқауы өтті
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Шу ауданының «Оқушылар сарайы» ғимаратында «Нашақорлықсыз болашақ» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі Кеңеспен, «Елу жылда — Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі, Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Шу ауданы әкімдігі білім бөлімі және «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп ұйымдастырды.
Байқауға ауданның түрлі мектептерінен 12 мен 15 жас аралығындағы 35 оқушы қатысты. Жас суретшілер өз жұмыстарында салауатты, қауіпсіз және жарқын болашаққа деген ұмтылыстарын бейнеледі.
Байқаудың басты мақсаты — жастардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдерді шығармашылыққа, пайдалы іс-әрекетке тарту. Сонымен қатар, іс-шара оқушылардың көркемдік қабілеттерін дамыту мен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын — Асқарбек Нұрай
2 орын — Есентай Нұрай және Базарбай Ақбота
3 орынды — Байжұман Ерасыл, Қанарбек Ақниет, Ермекбай Мирас және Әбдібек Аянат атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал қатысушылар мен ұстаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
[xfvalue_img]

11 пікір