Полицейлер студенттер арасында ерекше сабақ өткізді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Полицейлер студенттер арасында ерекше сабақ өткізді

Полицейлер студенттер арасында ерекше сабақ өткізді

Солтүстік Қазақстан университетінде заң мамандықтарына оқып жатқан студенттерге полицейлер барып қайтты. Олар нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес шараларына арналған семинар-практикумға қатысты, сақшылармен бірге төрт аяқты көмекшілер де келді. Дәріс аудиториясында спаниель Гретта мефедронның иісінің имитаторын жылдам тауып алды, ал овчарка Белла қызметтік-іздестіру иттерінің қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті.

Полицейлер 160-қа жуық болашақ заңгерлерді есірткінің заңсыз айналымына қатысты заңнама нормаларымен, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар – кураторлар, өндірушілер, тасымалдаушылар үшін жауапкершілікті қатаңдатумен таныстырды. Мәселен, жыл басынан СҚО-да екі тасымалдаушы ұсталды. Полиция қызметкерлері қылмыспен күрестің әдістерін жетілдіруде, бүгінде есірткі өткізудің тізбегін бастан-аяқ анықтауға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары студенттерге қауіпсіз жүріп-тұрудың негізі қағидалары туралы айтып, заңға қайшы әрекеттерге еріп кетуден аулақ болуға, бейтаныс адамдардың әлдебір заттарды, сөмкелерді жеткізіп беру туралы өтініштеріне келіспеуге шақырды.

Полиция қызметкерлері аталмыш жоғары оқу орнымен бірнеше жыл өзара іс-қимыл жасасып келеді, заңнаманы терең зерттеуге көмектеседі. Полиция ардагерлері Александр Лобода, Игорь Семенов сияқты көптеген оқытушылар жастар арасында өз тәжірибелерімен бөлісіп, оларды құқық қорғау қызметімен таныстыруға атсалысуда.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.