СҚО-да полицейлер жедел кеңесте 8 айдағы жұмыс қорытындысын талқылады

СҚО-да полицейлер жедел кеңесте 8 айдағы жұмыс қорытындысын талқылады

Күн тәртібінде қылмыстың алдын алу және облыстағы көші-қон жағдайы мәселелері қаралды.

Пробациялық бақылауда тұрған адамдар жасайтын қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов аумақтық бөлімшелердің бастықтарына қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдарды тексеруді жеке бақылауына алуды, қасақана бұзушылықтар болған жағдайда шартты жазаны нақты жазаға ауыстыру үшін заңда көзделген шараларды батыл қабылдауды тапсырды.

Тағы бір қаралған маңызды сұрақ халықтың көші-қоны жөніндегі жұмысқа жүргізілген талдау болды. Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов атап өткендей, бұл солтүстік өңір үшін оның географиялық жағдайына байланысты ерекше маңызды мәселе.

Солтүстік Қазақстан облысыполиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсұрбаев жыл басынан бері облыс аумағында Қазақстанда болу ережелерін бұзғаны үшін 957 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын баяндады. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 50 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Солтүстік Қазақстан полициясының басшысы басшы құрамға шетелдіктерді тексеруді жеке бақылауына алуды тапсырды.

Кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов қол астындағыларды Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында қойған міндеттерді орындауға бағыттады.

«Жол-көлік оқиғалары мен тұрмыстық, нашақорлық және интернет-алаяқтық саласындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ полиция жұмысының басқа да қоғамдық маңызды бағыттары бүкіл ел үшін ғана емес біздің өңір үшін де өзекті», - деп атап өтті ол. - Оларды Мемлекет басшысы "Заң және тәртіп" қағидатын іске асырудың маңызды белгілері ретінде бөліп көрсеткен".

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив