СҚО полицейлері жедел-тергеу және алдын алу мәселелерін талқылады
Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық орындарда және отбасылық тұрмыс саласында қылмыстардың алдын алу — осы және басқа да мәселелерді Солтүстік Қазақстанның құқықтық тәртіп сақшылары полиция департаментінде өткен жедел кеңесте талқылады.
ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдиновтың төрағалығымен жедел және тергеу жұмыстары талданды, аумақтық бөлімшелердің бастықтарына тапсырмалар берілді, атап айтқанда — өткен жылдардағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысты күшейту бойынша сұрақтар қарастырылды.
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. баяндамасы ең көлемді болды. Полиция полковнигі Григорий Тыш жол-көлік апаты мәселесіне назар аударды. Жыл басынан бері облыс жолдарында 231 ЖКО тіркеліп, 21 адам қаза тауып, 315 адам жарақат алды. Аумақтық бөлімшелерге ЖҚЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ 1 қыркүйек қарсаңында оқу орындарының маңындағы көше-жол желісіне бақылау зерттеу жүргізу тапсырылды.
Кеңес СҚО ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы полиция майоры Орал Хамзинді ведомствоаралық оқу-жаттығуларға қатысқаны үшін көтермелеудің жағымды сәтімен аяқталды. Ескерткіш тақтаны тапсыра отырып, Айдын Қабдұлдинов жалпы оқу-жаттығу қорытындысы бойынша департамент заманауи сын-қатерлерге қарсы тұруға дайындығы үшін жоғары баға алғанын атап өтті.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД ақпараттық саясат бөлімі
[xfvalue_img]