Елордалық учаскелік инспектор қалалық байқаудың жеңімпазы атанды
Астана қаласы полиция департаментінің "Байқоңыр" ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің полиция инспекторы полиция майоры Асқар Папышев Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының "Үздік учаскелік полиция инспекторы" қалалық конкурсының жеңімпазы атанды. Конкурстың негізгі мақсаты-құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда кәсіби шеберлікті, білім мен дағдыларды ұдайы жетілдіру, сондай-ақ жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті нығайту болып табылған.
Конкурсқа қатысушылар қызметті регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білуге тестілеуден өтті. Әділ қазылар алқасын таңдау кезінде қызметтегі жетістіктері, халықтың сенім деңгейі, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша халықпен жұмыстың инновациялық нысандарын енгізу, сондай-ақ сервистік полицияның сапа стандарттарына сәйкестігі назарға алынды. Қазылар алқасы конкурсанттармен әңгімелесу арқылы ең үздігін таңдады. Байқау қорытындысы бойынша Асқар Папышев үздік нәтиже көрсетті.
Ішкі істер органдарында ол 10 жылдан астам қызмет атарады. Учаскелік аумақтағы сеніп тапсырылған учаскенің мән-жайын жақсы біліп, ол тұрғындармен тәулік бойы байланыста болып, әрқашан уақтылы жауап беруді күнделікті әдетіне айналдырған. Полиция майоры халықтың құрметі мен сенімін басты кәсіби жетістік деп санайды. Полицейдің және жалпы ішкі істер органдарының имиджі көбінесе азаматтарға кәсіби шеберлікке, моральдық және іскерлік қасиеттерге, сыпайы және әдепті қарым-қатынасқа байланысты. Биыл оның ерлігі мен батылдығының арқасында 3 адамның өмірі құтқарылды. Атап айтсақ 11 тамызда полицияның "102" шұғыл шақыру арнасына екі жас баласы бар әйелдің көп қабатты үйдің 9 қабатының терезесінен секіруге тырысқаны туралы хабарлама түскен. Полиция майоры оқиға орнына жедел барып, жағдайды дұрыс бағалап, әйел мен балаларды пәтердің ішіне алып кіріп, аман алып қалған. Кейінірек аталған отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетілді.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
25 пікір