Серіктестік – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы: Қазақстанда неміс пилоттық жобасы іске қосылады

Серіктестік – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы: Қазақстанда неміс пилоттық жобасы іске қосылады

Елордада “Серіктестік – тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы” тақырыбында халықаралық форум өтті. Шараны ІІМ Қазақстандағы Фридрих Эберт қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың, ғылыми топтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

– Тұрмыстағы зорлық-зомбылық әлемнің көптеген елдеріндегідей біздің қоғамда да өзекті мәселе болып қала береді. Өкінішке орай, тек заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралармен бұл мәселенің түйінін шешу мүмкін болмай отыр. Жақын адамын ұрып-соғуға, азаптауға, тіпті өлтіруге дейін баруға не түрткі болуы мүмкін? Мұндай қатыгездіктің болуының себебі неде? Осы сауалдарға жауап іздеп көру қажет. Отбасындағы тәрбие мен отбасылық құндылықтарға қатысты дұрыс психологиялық атмосфера қалыптастыру қажет. Жас ұрпақтың психологиялық денсаулығы – бүкіл ұлт денсаулығына әсер ететін стратегиялық маңызды фактор, – деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева.

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі Мемлекет басшысы мен ІІМ-нің ерекше бақылауында. Өткен жылы ведомство тұрмыстағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің өтініш беруден анықтау сипатына көшу, тараптардың қайта татуласу мүмкіндігін болдырмау, сондай-ақ тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты қатаңдату сияқты заңнамалық өзгерістер әзірледі. Бүгін таңда заң жобасы Парламентте қаралуда.

Форум барысында Германияда кеңінен қолданылатын “ODARA” тұрмыстағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың халықаралық құралы таныстырылды.

– Неміс жүйесі көптеген озық елдерде қолданылады. “ODARA” құралы алдын алу жұмыстарына бағытталған. Отбасылық жанжалдар бүкіл әлемде бірдей сипатқа ие. Германияда да, бізде де кейбір әйелдер ажырасқысы келмейді, бірақ жұбайының немесе отбасы мүшесінің мінез-құлқын түзетуді қалайды. Бұл жүйе кімге профилактикалық әңгіменің жеткілікті екенін, кімге қатысты қатаң шаралар қабылдау керектігін анықтауға көмектеседі, – деп түсіндірді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Айта кету керек, әйелдер құқығын қорғау жөніндегі неміс пилоттық жобасы еліміздің үш қаласында – Астана, Алматы және Павлодарда іске қосылады.

– Егер бұл мәселемен тек полиция айналысатын болса, бұл тиімсіз болады. Бүгін бұл туралы бірнеше рет айтылды. Мен біздің тәжірибемізден растай аламын. Егер жақсы жетістікке жетуді қаласаңыздар, ведомствоаралық ынтымақтастық құру қажет. 90-шы жылдардың өзінде Германияда ведомствоаралық өзара іс-қимыл жолға қойылды, ол бүгінгі күнге дейін дамып келеді, – деді Ландау қаласының (Германия) полиция қызметінің бас комиссары Барбара Эмрих.

Сонымен қатар форумда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы түрлі проблемалық мәселелер айтылды. Қатысушылар пікір алмасып, шетелдік қонақтардың тәжірибесін зерттеді.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/503640?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.