Жамбылдық полицейлермен үш күннің ішінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылды
Ағымдағы жылдың қараша айының 28 мен 30 аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Нәтижесінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылып, оның ішінде 4 қылмыстық топ құрықталды және өткен жылы болған 6 қылмыс ашылды.
Сондай-ақ, осы кезеңде 3 мал ұрлығы дерегі орын алды, оның барлығы дер кезінде ашылып, үй жануарлары иелеріне қайтарылды.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін ілеспе құжатсыз тасымалдауды бұзу немесе ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) - 51 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) - 95 дерек анықталды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларларын жаю қағидаларын бұзу себебінен республикалық автожолдарда 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 3 адам қайтыс болып, 28 адам түрлі дене жарақаттарын алған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті үй жануарларын қараусыз қалдыру ұрлыққа ғана емес, адам өліміне де әкеп соғатындығын ескертеді!
[xfvalue_img]
23 пікір