Ақтөбеде пробация қызметкері пробациялық бақылаудан жалтарған есептегі азаматты ұстады
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы Ақтөбе қаласының №1 ҚПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Нелегал» жедел профилактикалық іс-шаралары кезінде пробациялық бақылаудан жалтарып, тіркеуге келмей жүрген есепте тұрған азаматты ұстады.
Бұған дейін есепте тұрған 40 жастағы қала тұрғыны уақытылы тіркеуге келмегеннен кейін Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғанды сот үкімінде көрсетілген тұрғылықты жері бойынша тексереді. Алайда есепте тұрған сотталғанның көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны анықталғаннан кейін Сот үкімімен алғашқы іздестіру шарасы жарияланған болатын.
«Пробациялық бақылаудан жалтарған есепте тұрған сотталған жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Әлия Ақтаубаеваның қырағылығы және Ақтөбе қаласының №1 ҚПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге атқарған нәтижелі жұмыстарының барысында ұсталып, 6 айға бас бостандығынан айыру мекемесіне қамалды»,- дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Азат Төлегенов.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]