Ақтөбеде есепте тұрған сотталған пробация қызметінің қолдауымен әлеуметтік жәрдемақы алды
Ақтөбеде Ырғыз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған 60 мың теңге біржолғы әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізді
Тұрмыстық қиын жағдайға тап болғаны үшін аталған жәрдемақыға сотталған азамат жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметінің қолдауымен қол жеткізді.
Тұрмыстық қиындықтарға тап болған сотталған азаматтардың “өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін” жазбаша білдірген өтініші бұған дейін аудан әкімдігінде өткен арнайы комиссия отырысында қаралған. Аталған іс- шарада комиссия қорытындысымен, әлеуметтік көмекке өтініш жасаған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның өтініші қанағаттандырылып, 60 мың теңге біржолғы ақшалай көмек көрсету туралы шешім шығарылды.
«Жалпы, пробация қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың түзелу жолына нық тұруы үшін атқарылып жатқан осындай көмек түрлері олардың қайта қылмысқа бармауына және өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі деп сенеміз», – дейді Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.
[xfvalue_img]