Жоғалған 17 жастағы жасөспірімді Өскемен қаласының полицейлері тапты
Өскемен қаласы Полиция басқармасы полицейлерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында 17 жастағы жасөспірім табылды, ол ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Жарма ауданында тұратын әжесіне барып, Өскемен қаласына қайтқан, бірақ үйге дейін жетпеген.
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде кешке "102" жедел каналына 39 жастағы әйелден қоңырау келіп түсті, ол өзінің 17 жасар ұлын іздеуге көмек сұрады.
Әйелдің айтуынша, 2005 жылы туған ұлы әжесіне Жарма ауданының Әуезов кентіне кетіп, 25 қыркүйекте Өскеменге қайтып келген, бірақ үйіне келмеген.
Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды.
Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты. Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ ювеналды полиция қызметкерлері тапты. Кәмелетке толмаған адам үйге оралғысы келмейтінін және серуендеуге барғанын айтты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйге аман-есен жеткізілді",-деді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Табылған жас жігіттің анасы полицейлерге және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдірді.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
20 пікір