Көлік тізгіндеген жасы кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды
Патрульдік Полиция батальоны қызметкерлерімен қала аумағын патрульдеу кезінде жолда жүру ережесін бұзған «BMW» маркалы автокөлігі тоқтатылған.
Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында көлікті Тараз қаласының 17 жастағы тұрғыны тізгіндегені анықталды.
Толық мән-жайды білу үшін жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақыртылды.
Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 61260 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, Республика аумағында 18 шілдеден бастап «Қауіпсіз жол» айлығы жүргізілуде.
[xfvalue_img]
21 пікір