Қазақстанда 3 жылда 2 мыңнан астам заңсыз көлік құралы тіркелді
Шет елден әкелінген көліктерді Қазақстанда заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істер тергелу үстінде.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты.
«Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр», - деді Ш. Тұрлыбек.
Ведомствода атап өткендей, соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген. Мемлекетке келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, шетелден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында тіркеуге заңсыз қойып келген қылмыстық топ әшкереленді.
Олардың ішінде Полиция департаментінің 2 қызметкері бар.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1659948877
[xfvalue_img]