Жыл басынан Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде болған 6 көлік тәркіленді
Солтүстікқазақстандықтардың біразы шетелде тіркелген көліктерге басымдылық береді. Алайда олар қиындыққа тап болуы мүмкін. Құжаттардың түпнұсқасын тексеру мүмкін болмаған жағдайда көліктің айдап әкетілгені немесе шектеу қойылғаны жайлы анықтау мүмкін емес, қазақстандық қылмыстық қуадалаудың нысаны болуы және көлік құралынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан Петропавл аумағында Ресей Федерациясында іздеуде болған 6 автомобиль анықталды. Олардың барлығы айып тұрағына қойылды және қажетті процедуралар аяқталған соң шетелге тапсырылады. Сенімхат немесе сақтандыру бойынша көліктерді пайдаланған адамдарға бұл жағдайда ешқандай өтемақы көзделмеген.
«Шетелде тіркелген көліктерді тіркеу құжаттарында көрсетілген адамдардан ғана сатып алу керек, автокөлік жайлы толық мәлімет алған дұрыс, — дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Сатып алатын көліктерді тіркелген елден есептен шығаруға және оларды Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына тіркеуге кеңес береміз, ҚР аумағында сақтандыруды ресімдеу жайлы ұмытпаған жөн».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]