ПЕТРОПАВЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин өзекті мәселелер мен жемқорлық схемалары туындайтын әкімшілік кедергілердің болуы туралы айтып берді.
«Бүгінгі таңда халықтың әл-ауқатын жақсарту және бизнесті жүргізу үшін маңызды салалар анықталды. Осы салалар негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы қалыптастырылды, ол өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы үшін бағдар болады» - деп хабарлады спикер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шаралар қабылдау үшін бірінші бағыттардың бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімшелері болып табылады, олардың қолында халық және бизнесті дамыту үшін маңызды көптеген мәселелерді басқару шоғырланған. Атап айтқанда, жұмыстарды жоспарлау тетіктеріне де, оларды бақылауға да жүйелі тәсілді талап ететін автожолдарды жөндеу және күтіп ұстау.
Қоғамдық пікір көшбасшылары ретінде қоғамдық кеңес мүшелеріне тәуекелдерді анықтауда маңызды рөл беріледі.
Спикер Карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретпейтінін, керісінше, тиімділік пен алдын алуға бағыттайтынын атап өтті.
Отырыс соңында диалог орын алып, қоғамдық пікір көшбасшылары қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша бірлескен жұмысқа ниет білдірді.
[xfvalue_img]