Петропавл полицейлері тоналған қарияның заттарын қайтарып берді
Петропавлда зейнеткер тоналғаны жөнінде «102» арнасына хабарлады. Көз жанары көрмейтін 73 жастағы мүгедектің 4 шілде күні сағат 16:15 шамасында Ғ.Мүсірепов көшесінің бойында белгісіз қылмыскер артынан келіп, барсеткасын жұлып әкеткен. Сөмкеде ұялы телефоны мен флеш-картасы болған. Көзі көрмегендіктен қария қылмыскерді сипаттай алмады. Оқиға орын алған жерге жақын маңда орналасқан бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Келесі күні сол адам тағы камералардың назарына түсіп қалған, бұл жолы азық-түлік дүкенінің кассасынан 250 мың теңге ұрлап жатқаны жазылған. 6 шілде күні күдікті ұсталды.
«Күдікті бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған 39 жастағы қала тұрғыны, - деді Петропавл қаласы Полиция басқармасы Бірінші полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Азамат Ташев. – Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» және 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Дүкеннен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды. Жәбір көрген зейнеткерге барсеткасы мен ұялы телефоны қайтарылды».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]