ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ЗАҢСЫЗ КӘСІПКЕРЛІГІ ҮШІН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 154-бабымен кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуына тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша мемлекеттік қызметшілер мен квазимемсекторлар субъектілері заңның бұл нормаларын сақтауға асықпайтын көрінеді. Сыбайлас жемқорлықты анықтау жөнінде жүргізілген жұмыстар шеңберінде бас бухгалтерлерден бастап өзін өзі басқару бөлімдерінің басшыларына дейін түрлі лауазымда жұмыс жасай отырып, ЖК ұстаған тұлғалар анықталды.
2022 жылы Қостанай облысы бойынша департаментпен осындай алты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әр қайсысы кәсіпкерлік қызметтен тікелей кіріс алып келген.
Мысалы, тілдерді оқытатын өңірлік орталықтардың бірінің директоры мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, 1,9 млн.теңгеден астам жалпы сомаға мемлекеттік органдар және ұйымдармен 14 келісім шарт жасаған. Сот қаулысымен басшыға әкімшілік жазаға айыппұл түрінде тартылып, 428 820 теңге айыппұл салынған.
Барлығы ағымдағы жылдың 5 айында Департаментпен әкімшілік жауапкершілікке 6 тұлға тартылды, оларға 4,5 миллион теңгедан астам сомаға жазаға тартылды.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу секілді алдын ала ескерту құралдары бар осыған ұқсас бұзушылықтарды анықтау бойынша мұндай жұмыстар жүргізілетін болады.
Қостанай облысы бойынша СЖҚІАД
[xfvalue_img]