Нұр-Сұлтанда полицейлер тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде
Суда адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз су айдындарында болуына жол бермеудің, шомылу орындары мен коммуналдық жағажайларды патрульдеудің мобильді топтарын ұйымдастырды.
Рейдтер нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 3 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері елордада екі кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен.
Су объектілерін тексеру қорытындысы бойынша 3 санкцияланған тұрғындар шомылатын орын анықталды. Бұл - "Сарыарқа" ауданы бойынша "Три пескаря" демалыс аймағы, "Алматы" ауданы бойынша Күйгенжар тұрғын алабында "Столичный двор" демалыс аймағы және "Есіл" ауданының Астаналық саябағында орналасқан.
Елорда аумағында барлық патрульдік автокөліктер құтқару құралдарымен жабдықталған.
Полиция департаменті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Су айдындарында балалардың қаза болуына жол бермеу мақсатында ата-аналарға балаларға судағы жүріс-тұрыс ережелері мен оларды бұзудың салдары туралы түсіндіруді ұсынады. Балалардың ересектердің қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]