Жамбылдық полицейлер бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдармен онлайн-дәріс өткізді
2020 жылғы 21 желтоқсанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, онлайн-режимде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдармен қылмыстық және есірткіге қарсы заңнамаға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
№158/2, 158/4, 158/7 УЖД -де онлайн-дәрістер "Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы", "Синтетикалық есірткінің жаңа түрлері туралы" тақырыптарында есірткіге қатысты бейнероликтерді көрсетумен өткізілді.
Дәрістің мақсаты-сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.
Дәріс барысында синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары турасында ақпарат берілді.
[xfvalue_img]