Петропавлда полиция автопаркінде балаларға Ашық есіктер күні өткізіледі
Петропавл қаласында тұратын үш жастағы баланың ата-анасы ұлының патрульдік көліктерге деген ерекше қызығушылығын айтып жеткізді. Дархан Құсайын әлі сөйлей алмайды, көшеде полиция автокөлігін көріп қалған кезде, сигналды-дыбыстық құрылғының дыбысын келтіруге тырысады екен. Баланың анасы полицейлерге автокөлікті көрсетіп, балақайға жолаушылар орнына отырып көруге рұқсат беру туралы өтінішімен жүгінген. «Бұл ол үшін ерекше мереке болды. Өте әсерлі. Ойыншықтар дүкенінде патрульдік автокөлікті көрсе, өтіп кете алмайды. Кейіпкерлері полицейлер болатын мультфильмдерді жақсы көреді», - дейді Дарханның анасы.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлікте міндетті түрде балалар креслосын пайдалану қажеттігі туралы еске салды. «Балақай өте қуанышты болды. Баланың полицейлерден қорықпай, қорғаушы ретінде қабылдайтыны қуантады. Біз мектептерге жиі барып тұрамыз, оқушыларды полиция жұмысымен таныстырып, сенімдерін арттыруға тырысамыз», - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Қанат Әлімжанов.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Балаларды қорғау күнінде батальонның автопаркінде Ашық есіктер күнін өткізеді. Барлық балаларға есік айқара ашық, келіп полиция жұмысымен таныса алады. Іс-шараның басталуы 1 маусым күні сағат 11:00-де (Петропавл қ., Парковая көшесі, 57 «А»). Барлық сұрақтар бойынша солтүстікқазақстандық полицияның Instagram-дағы @sqo_pd ресми аккаунтына немесе 8-777-324-66-93 телефонына хабарласуға болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]