СҚО полицейлері жыл басынан 17 килограмнан астам түрлі есірткіні тәркіледі
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірінші тоқсанды қорытындылады. Қаңтар айынан бері облыста есірткінің заңсыз айналымының 55 фактісі тіркелген, оның 21-і есірткіні сату фактісі. Жедел уәкілдер есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттаудың 3 фактісін анықтады. Сотқа есірткі құқық бұзушылықтары бойынша 41 қылмыстық істің материалдары жіберілді.
Облыс аумағының жолдарында есіркілік масаң күйде рөлге отырған 20 жүргізуші ұсталды. Наурыз айының соныңда Петропавл қаласының Интернациональная көшесінде жол ережесінің өрескел бұзушылығын жасағаны, яғни тұтас қосарланған жолақты кесіп өткені үшін «ВАЗ 21060» көлігінің 32 жастағы қала тұрғыны тоқтатылды. Жүргізуші есірткіні қолданғаннан кейін көлікті жүргізгені белгілі болды. Ол өзінің өміріне ғана емес, қасындағы жолаушының өміріне де қауіп төндіргені туралы айта кеткен жөн. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сотпен әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, бұдан бөлек, ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
«Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «нашақорлық» диагнозымен 549 адам есепте тұр, оның 38-і әйел және 3-уі жасөспірім, – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Дозаны асыра пайдаланғандарды жедел жәрдем емдеу орындарына 35 рет жеткізген. Полицейлер кәмелетке толмағандардың есірткіге әуестенуіне ерекше алаңдаулы. Білім саласы қызметкерлерімен бірге кәмелетке толмағандар арасында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері білім ошағында 27 дәріс, 8 дөңгелек үстел, 10 семинар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Мыңнан астам кәмелетке толмаған қамтылды».
СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 17 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 1 кг 082 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
27 пікір