Солтүстікқазақстандық полицейлер жүргізушілерді жол үстінде сақ болуға шақырады
Еліміздің солтүстік өңірлеріне көктемгі жылы күндер келісімен қар еріп, суға айналуда. Алайда түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі салдарынан жолдардағы кейбір учаскелер мұзға айналып, жол қозғалысына қатысушылардың жүріп-тұруын қиындатады.
«Жүргізушілер жылдамдық режимін сақтауы қажет. Алдыңызда және қырдағы келе жатқан көліктердің арасындағы арақашықты сақтаған және маневрлар жасаған кезде абай болған жөн. Көктайғақтың жаяу жүргіншілер үшін де қаупі жоғары. Жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен өтпеген жөн. Өйткені көлік жүргізушісі байқамай қалуы әбден мүмкін», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Сондай-ақ, полицейлер синоптиктер мен төтенше жағдай қызметінің ауа райының өзгерістері жайлы ескертулеріне назар аударуға кеңес береді. Алыс сапарға шықпастан бұрын, көліктің техникалық жағдайының дұрыс екеніне көз жеткізу керек. Жолдарда оқыс жағдайға тап болған жағдайда СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы кезекші бөлімінің 61-25-01, 49-32-47 телефондарына немесе 102 арнасына хабарласуға болады.
Жыл басынан облыс аумағында 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 11 адам қайтыс болып, 50 адам дене жарақаттарын алды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір