Сотталғандар психологтың қабылдауында болды
Ағымдағы жылдың 4-6 наурыз аралығында Жаңақорған аудандық пробация қызметі бойынша инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Самат Құрымбаев Сырдария, Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарды қабылдап, сұхбаттасу және сауалнама жүргізу барысында психологиялық көмек көрсетті. Психолог маман сотталғандарды жеке қабылдап психопрофилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізіп, психологиялық кеңес беріп, олардан психодиагностикалық әдістемелер «психогеометрия», «шмишек сауалнамасы» алынып, бейімділігін анықтап,мінездеме берді.
«Психометрия әдісі адамның ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын анықтайды. Осы әдіс арқылы 28 сотталғанның мінез-құлқы анықталды. Ал «шмишек сауалнамасы» арқылы сотталғандардың жеке басын , жағымды және жағымсыз жақтарын анықтап, келеңсіз жағдайларда өзін қалай ұстайтынын зерделедім. Есепте тұрғандар бұл іс-шараға өте байыпты қарады және әңгімеге белсенді қатысты. Олардың кейбірі толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісті»,- деді психолог маман.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
7 пікір