СҚО фермерлері адал болуға және жосықсыз шенеуніктердің айла-амалдарына ілінбеуге шақырылды

СҚО фермерлері адал болуға және жосықсыз шенеуніктердің айла-амалдарына ілінбеуге шақырылды

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген АӨК субсидиялау саласындағы кешенді талдау нәтижелері талқыланды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, кәсіпкерлер палатасының басшылығы, прокуратура, ауыл шаруашылығы басқармасының, аудан әкімдіктерінің өкілдері және өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты.

Аумақтық Департаментпен барлығы 11 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, олар бойынша 48 ұсынымдар әзірленді.

«Сыртқы талдау нәтижелері бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған көптеген кемшіліктерді, елеулі олқылықтарды және қылмыстық схемаларды ашты. Бұл ретте, бұл схемаларға көбінесе лауазымды тұлғалар ғана емес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өздері де тартылған», - деді Нұрлан Жахин.

Ведомствода сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төрт тобы анықталды.

Нұрлан Жахиннің айтуынша, бірінші топқа субсидиялауға бөлінетін бюджет қаражатын жоспарлау тиімділігінің төмендігі және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау тетіктерінің жоқтығы сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кірді.

«АШТӨ-нің нақты сұранысынсыз бюджетті жоспарлау нәтижесінде мемлекеттік қолдауды негізінен ірі АШТӨ пайдаланады. Өз кезегінде, шағын ШҚ және ФҚ қолдау ала алмайды, өйткені өтініш беруге уақыттары жоқ. Бір ірі АШӨ-ге 2020 жылы бөлінген субсидиялардың жылдық жиынтық көлемі 2 млрд. теңгеден 400 млн. теңгеге дейін ауытқиды. ШҚ, ФҚ қолдау үшін орташа сома 5-6 млн. теңгені құрайды», - деді спикер.

Екінші топ субсидиялаудың ақпараттық жүйелерінің жетілмегендігімен байланысты тәуекелдерді біріктіреді (Qoldau, Plem.kz), оның ішіне кіретіндері: ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануының болмауы; өтінім беру үшін бюджет қаражатының түсуі туралы АШТӨ-ні хабардар етудің болмауы; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу құқығын бұзу және АШТӨ үшін қосымша шығыстар нысанында әкімшілік кедергінің болуы; өтінімді қарау кезінде субъективті тәсілді қалыптастыратын өтінім беру процесін автоматтандырудың төмен дәрежесі.

Мысалы, «Qoldau» порталы ЭСФ АЖ интеграцияланбаған, бұл шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаға жеке жауапкершіліктен кетуге мүмкіндік береді және АШТӨ-ге жалған шот-фактура беру мүмкіндігін береді.  Plem.kz дәл осындай олқылық, іс жүзінде жоқ ІҚМ басына субсидия алуға мүмкіндік береді.

Талдау жұмысы барысында "Qoldau" АЖ-да өтінім қалыптастыру кезінде АШТӨ бірқатар қиындықтарға тап болатыны анықталды, мәселен: өтінімді толтыру кезінде қалқымалы терезе түріндегі кеңестердің болмауы, учаске ауданы мен қолдану нормаларына байланысты пестицидтерді, минералдық тыңайтқыштарды қолдану есептерін толтырудың күрделілігі, МЖК ААЖ-дағы дәл емес алаңдар, сондай-ақ, облыстың жекелеген аудандарында интернеттің болмауы немесе оның төмен жылдамдығы.

«Облыстың АШТӨ-сі шарасыздықтан Ақпараттық жүйелер арқылы субсидиялауға өтінім беру үшін аудан орталықтарына келуге мәжбүр. Ірі АШТӨ-де субсидияларға өтінімді штаттағы бухгалтер береді, ал ШҚ мен ФҚ «арнайы» ұйымдарға жүгінуге мәжбүр, ал ең оңай жолы субсидиялауға өтінім беру үшін көмек көрсету үшін ауыл шаруашылығы басқармасының немесе бөлімдерінің қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүр болады. Бұл фактілер мемлекеттік органдарға тиесілі компьютерлердің IP мекенжайларымен өтінім берілген компьютерлердің IP мекенжайларының сәйкес келуімен расталады. Мысалы, соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы басқармасының компьютерлерінен 245 өтінім берілген», - деді Жахин.

Үшінші және төртінші топтарға мүдделерді қолдау және нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар белгілерінің болуы жатады

Қолда бар қылмыстық істер туралы сұраққа спикер 2021 жылы алаяқтық және қызметтік жалғандық фактілері бойынша шамамен 7,9 млн теңге шығын сомасымен екі сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалғанын атап өтті. Сотқа дейінгі іс жүргізу қарау сатысында, осыған байланысты қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер жасаған адамдар туралы ақпарат сот тәртібімен олардың кінәлілік дәрежесі туралы қаулы шығарылғанға дейін жария етілуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын одан әрі болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство бизнесмендерді қырағы болуға және "жеңіл" ақша алудың жолдарын іздемеуге шақырды, ал мемлекеттік органдардың өкілдеріне әрбір заңсыз іс-қимыл үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты бойынша қатаң шаралар қолданылатынын еске салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.