СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ САРАПШЫЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАЛАРЫН СУБСИДИЯЛАНДЫРУҒА ТАЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Республика бойынша барлық жерлерде еліміздегі ауыл шаруашылығы басқармалары қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді сыртқы талдаулар жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламыз.Атап айтқанда, субсидиялау салаларындағы проблемалық мәселелер зерделенуде, ол сыбайлас жемқорлық көрінісін мейлінше көбірек растайтын салалардың бірі.
«Біздің облысымыз осы ірі салалардың бірі болып табылады, сіздер соңғы 5 жылда субсидияға 150 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінгенін түсініңіздер. Сондықтан да біз талдауға түрлі ассоциациялар өкілдерін, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерін, кәсіпкерлер палатасының сарапшыларын және т.б. тарттық.» - деп әңгімеледі "Antikor.LIVE" жобасы аясындағы тікелей эфир кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов – «Нәтижелер туралы айту кішкене ертерек, себебі талдау әлі жүргізу сатысында, алайда бүгін субсидия алу рәсімдері таза және ашық еместігіне назар аударуға болады, бұл туралы кәсіпкерлер бізге тура айтады, және бұл процесте де көрініп тұр».
Қуаныш Бекбасов мекемелер мен сарапшылар тартылған пулдар кәсіпкерлер үшін де және аймақтың мемлекеттік органдары үшін де проблема болатын сәттерді болдырмауға тырысатынына сөз берді.
[xfvalue_img]