Петропавлдың ювеналды полициясында 91 қолайсыз отбасы есепте тұр

Петропавлдың ювеналды полициясында 91 қолайсыз отбасы есепте тұр

Отбасылық жанжалдар, ұрыс-керіс және алкогольді асыра пайдаланатын ата-аналардың мінез-құлқы – мұның бәрі балаға әсер етеді. Қаңтар айының соңында Петропавлдағы Жұмысшылар кентінде ата-анасының арасындағы жанжал 13 жасар баланың көзінше орын алған. Бірге тұратын 37 жастағы ер адам мен жасөспірімнің 44 жастағы анасы алкогольді жиі пайдалануды әдетке айналдырған. Кезекті жанжал кезінде әйел ер адамды соққыға жыққан. Бұл туралы полицейлерге «102» арнасының хабарламасынан белгілі болды. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігі «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, оның ата-анасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша материал жиналды. Үйдегі мұндай «ауа-райы» полицейлердің отбасын ерекше бақылауға алуына негіз болды. Қазіргі уақытта Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі Ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке қоюға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберу үшін материал жиналуда.

«Ата-аналардың маскүнемдігі – бұл отбасын ғана емес, сондай-ақ, баланың жан тыныштығын бұзатын ең күшті қолайсыз факторлардың бірі», - дейді Петропавл қ. ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Эльмира Абушева. – Кәмелетке толмағандар арасындағы, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полиция инспекторларының басты міндеті».

Петропавлда ювеналды полиция есебінде 91 қолайсыз отбасы тұр, жыл басынан бері 8 отбасы бақылауға алынды. Кәмелетке толмаған 35 жасөспірім есепте тұр. Барлығы 38 ата-ана мен заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 кәмелетке толмаған бала спирттік ішімдіктер ішсе, 17-сі үйден тыс уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерсіз болған. Кәмелетке толмағандар тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полицейлердің күнделікті жұмысы жалғасуда.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.