Солтүстікқазақстандық тергеушілер мен анықтаушылар 3268 электрондық қылмыстық істі аяқтады
Солтүстікқазақстандық полицияда 138 тергеуші мен 43 анықтаушы қызмет етеді. Биылғы жылдың басынан олар электронды форматта қылмыстық істерді тергей отыра, қылмыстық процестің үшбуынды моделі аясында жұмыс істеуде.
Заңнаманы білу, үнемі өз білімдерін жетілдіріп отыру, аналаиз жасай және логикалық ойлай білу, шыдамдылық пен тіл табыса білу – тәжірибелі тергеушілер мен анықтаушылар осындай қасиеттергі ие. Ал екі жыл бұрын бұл дағдыларға компьютерді тез үйреніп, меңгеру қажеттілігі қосылды. 2017 жылдың желтоқсанынан бастап е-ҚІ электронды форматта қылмыстық істерді тергеу алгоритмі енгізілді.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуынша, жыл басынан тергеушілер мен анықтаушылардың өндірісінде 6447 электрондық қылмыстық іс болған, тергеу 87,3 пайызды құрады. Бағдарламаға 200 аса процессуалдық құжат үлгісі енгізілген: жауап алу хаттамасынан бастап сот қаулысын шығаруға дейін.
Е-ҚІ негізгі басымдылығы азаматтардың конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету, процессуалдық шешімдерді жедел қабылдау, бұрмалаушылықты жою, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бақылау және прокурорлық қадағалауды арттыру, онлайн режимінде қолжеткізу болып табылады. Сондай-ақ электронды форматтың арқасында сараптамалар мен зерттеулерді тағайындау ресімі айтарлықтай қысқарды – оларды тергеушілер мен анықтаушылар кабинеттерінен шықпай-ақ тағайындай алады. Бұл айтарлықтай уақытты үнемдейді.
«Қылмыстық процестің үшбуынды моделі полицияның, прокуратура мен соттың өкілеттігін нақты айқындайды. Полицейлердің міндеті – қылмысты, адамдардың қылмысқа қатыстылығын анықтау, дәлелерді жинау мен бекіту. Жұмысты кезең-кезеңімен цифрландыру бұл жұмысты оңтайландырады», - дейді Еңбек Сембин.
Айта кететін болсақ, қылмыстық істермен тек тергеу мен анықтау бөлінісінің қызметкерлерімен ғана емес, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімімен жедел уәкілдер, ювеналдық полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді. Бүгінгі таңда СҚО-да электронды форматта ауырлығы орташа, онша ауыр емес, сондай-ақ ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған 255 жұмыс орны ұйымдастырылды. Бұл жұмыс полицейлердің үнемі өз білімдерін жетілдірумен қатар, солтүстікқазақстандық полицияның жұмысына цифрландыруды кезең-кезеңімен енгізу сатысы болып табылады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]