ЕЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

ЕЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БАҒЫТТАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шығармашылық конкурстардың қорытындысы шығарылды. Қала әкімдігінің алаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Іс – шараның ұйымдастырушылары - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мен Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Ағымдағы жылы 240 – тан астам байқау жұмыстары келіп түсті. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған және оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, қоғамға адал көзқарасты қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» тәрбиелеуге бағытталған эссе, әңгімелер мен өлеңдер.

Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов өз сөзінде мұндай іс-шаралар оқушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне біздің қоғам өмірінің теріс әлеуметтік құбылысы ретінде өз бетінше баға беру қабілетін қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыратынын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Жанділдаев Бақдәулет байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтап, оқуда табыс тіледі, сондай-ақ іс-шараның мақсаты жастар арасында әмбебап моральдық және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау екенін айқындады.

Қатысушылардың әрқайсысының жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Жастардың осындай іс-шараларға қатысуы жас тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Өлең сайысында 1 орынды 1 курс студенті Абиыр Байжігіт иеленді, оның жұмысы тақырыптың ашылуымен және мазмұндылығымен ерекшеленеді.

«Тірлігіңді адал жаса алдама,

Аңқауларды пайдаланып арбама,

Адал жолмен түрлі көлік мінесің,

Арамдықпен жете де алмайсың арбаға», - деп Байжігіт өзінің өмірлік ұстанымын дәлелдеді.

Өлең сайысында 2 орынды Бөтенбай Сабина, 3 орынды Тұрбала Тәукехан иеленді.

Эссе байқауының қорытындысы бойынша І орынды Асығат Жанерке, ІІ орынды Манат Нұрзат, ІІІ орынды Ғаббасова Милана қанжығасына байлады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Алтынбек Назерке, ІІ орынды Брильц Мирра, ІІІ орынды Қожагелдин Алан иеленді.

Барлық жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.