СҚО полицейлері жас қызметкерлер үшін көмекші құрал әзірледі
Штаб бөліністері ішкі істер органдары жүйесінде ерекше орын алады. Бөлініс қызметкерлерінің күнделікті күйбең тіршіліктері көзге көрінбейді. Олардың міндеттеріне барлық полиция қызметтерінің жұмыстарын ұйымдастыру, талдау, жоспарлау кіреді.
Дегенмен, аталған жұмыстарды орындау бойынша жауапкершілік жоғары, осыған байланысты штаб лауазымдарына өздерін жақсы жақтарынан көрсеткен, әсіресе бұрынғы қызметінде аналитикалық жұмысқа қабілеттілігін танытқан қызметкерлерді қабылдайды. Тіпті осындай жан-жақты қызметкерлердің өзіне де жаңа жұмыс орындарына бейімделуі үшін белгілі бір уақыт қажет. Бұл кезеңді жеңілдету үшін СҚО ПД Штабының бастығы полиция полковнигі Сәуле Андағұлованың бастамасымен біздің облыста штаб бөліністерінің жас қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсыныстар жинағы әзірленді.
Әдістемелік оқу құралын әзірлеуге Штабтағы бөлімдердің бастықтары полиция подполковнигі Гүлшара Сейдахметова мен полиция майоры Жібек Бөрбасова тартылды. Көпжылдық еңбек өтілдері және практикалық тәжірибелері бар, өз жұмысының қыр-сырын меңгерген штаб қызметкерлері білімдерін, жиған-тергендерін түсінікті, қолжетімді етіп, бір жинаққа топтастырды. Жинақта маңызды деген лауазымдық нұсқаулықтар ережесі қысқаша әрі түсінікті баяндалды. Негізгі бағыттары – аналитикалық құжаттарды, жедел кеңестерге материалдар дайындауды қамтамасыз ету, негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарларын және тағы басқаларды әзірлеу.
Бұл әдістемелік құралға СҚО ПД Заң бөлімінің бастығы оставкадағы полиция полковнигі Серік Тоқтарбаев оң құқықтық бағасын беріп отыр, ол Департаменттің штаб бөлінісіне ұзақ жылдар бойы басшылық еткен. Оның айтуынша, әдістемелік құрал басқа да бөлініс қызметкерлеріне пайдалы, өйткені ІІО барлық қызметтері мен бөліністерінің күнделікті қызметтерінде қолданатын жұмыстың нақты алгоритмдері көрсетілген.
«Полицияның сервистік модельге көшуі кезінде әр бөліністің жұмыс тиімділігін арттыру маңызды, - дейді Сәуле Андағұлова. – Әдістемелік ұсыныстар жинағы жас қызметкерлерге көмекші құрал ретінде басылды. Мұндай тәжірибе полицияның барлық бөліністеріне келетін қызметкерлердің бейімделуі үшін өте пайдалы деп ойлаймыз».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір