Пробация есебіндегі азаматтармен семинар-тренинг өтті
22.11.2021 жылы Сырдария аудандық пробация қызметі "Алғыр ОЙ" қоғамдық қорымен бірлесіп, пробация есебіндегі азаматтар арасында құқық бұзушылықтар мен қайта қылмыстың алдын алу, психологиялық тұрақтылығын анықтау мақсатында семинар тренинг өткізді. Семинар тренингке аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев, аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, аудан прокуратурасының прокуроры Ж.Сиха, аудандық жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің орынбасары Е.Зұлқарнаев қатысып сотты болған азаматтарға "Рақымшылық туралы" Заң жобасы мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында түсіндірмелер жүргізді. Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов өз сөзінде өркениетті қоғамда қалыптасқан сыйластық қарым-қатынасты бұзбай, өздерін жақсы жағынан таныта білген жағдайда, жазасының өтелмеген бөлігінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатындығы, сонымен қатар соттылықтары алынатындығы жөнінде түсіндіріп өтті. Одан соң ауданы әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев пен аудан прокуратурасының прокуроры Ж.Сиха «Тәрбиелі-тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы» - деп қаһарман Бауыржан Момышұлы айтқандай, жаңылыс басудан сақтанып, заңдылық тәртіпті сақтап, қылмыс жолынан бойды аулақ ұстауға шақырады. Сонда ұрпақтарымыздың тағылымды, болашағымыз нұрлы боларына қол жеткізер едік деп сөзін түйіндеді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]