Пробация есебіндегі азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шаралар өткізілді
2021 жылдың 21 маусымында Қазақстан жастарының фракциясы қоғамдық қорының өкілдері Ахметова Аян мен Тойлыбекова Эльмира және Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры Ж.Сиха, Сырдария аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Е.Зұлқарнаевтардың қатысуымен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында шахмат, қол күрес түрлерінен жарыс өткізілді. Сондай-ақ «Күйзелістен шығу жолдары» атты психологиялық тренинг, «Конституциялық құқық негіздері» тақырыбында кездесу жүргізілді.
Спорттық шара қорытындысымен жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қоғамдық қор өкілдері сотталғандардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта осындай іс-шаралар өз жалғасын табатындығын жеткізді.
А.Сақыбеков
Сырдария аудандық ПҚ-нің
Аға инспекторы
Әділет капитаны
[xfvalue_img]