Бас прокуратура қызметкері – «Тіл шебері–2021» республикалық байқауының жеңімпазы
Бас Прокурордың аға көмекшісі Дархан Айтмағанбетов ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Тіл шебері – 2021» республикалық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай орталық мемлекеттік органдар арасында өткізілді.
Оған қазақ, орыс, ағылшын тілдерін және жазу мәдениетін жетік меңгерген қызметкерлер қатысты.
Байқаудың мақсаты – тіл мәдениетін көтеру және үш тілділікті насихаттау.
Үміткерлерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің филолог-ғалымдары бағалады.
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
«Елтаным» атты 1-кезеңде қатысушылар қазақ елінің тарихы, ұлы тұлғалары және атаулы даталар жөніндегі тапсырмаға үш тілде жауап берді. Үміткерлер жауапты қазақ тілінде бастап, орыс тілінде жалғастыра отырып, ағылшын тілінде қорытындыланды.
«Сөзтаным» деген 2-кезеңде олар мақал-мәтелдердің мағынасын қазақ тілінде ашып, орыс және ағылшын тілдерінде оның баламасын ұсынды.
«Ойтаным» атты соңғы кезеңде жарысқа қатысушылар қазақ тілінде эссе жазды.
Бас жүлде иегері Д.Айтмағанбетов Тіл саясаты комитеті төрағасының дипломымен марапатталды және оған байқаудың арнайы сыйлығы табыс етілді.
Ол «Болашақ» президенттік бағдарламасы стипендиясының иегері, Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) түлегі, құқық магистрі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]