ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде ведомство басшылығының, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде ведомство басшылығының, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.

Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектенов өз сөзінде Министрлік жетекшілік ететін салалардағы елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне назар аударып, оларды жою бойынша жүйелі шараларды шұғыл қабылдау қажеттігіне назар аударды. «Экологиялық бақылау бөлімшелері қызметкерлері тарапынан жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілерінің жиілеп кетуі зор алаңдаушылық тудырады. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін заңмен белгіленген қомақты айыппұлдарды пайдакүнем қызметкерлер кәсіпкерлерге қысым көрсетуге және заңсыз сыйақы талап етуге пайдаланады», – деп атап өтті.
Өз кезегінде, агенттіктің Превенция қызметінің басшысы М. Төлеубаев соңғы 3,5 жылда Министрлік жетекшілік ететін салалардағы жемқорлық фактілері бойынша 80-ге жуық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа жібергенін айтты. Мысалы, а.ж. 6 қыркүйекте сот үкімімен 30 млн теңге көлемінде пара алған Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының м. а. А. 11 жылға бас бостандығынан айырылды. А-ға үкім шығарылған күні талапты қайтарып алуға ықпал еткені үшін 50 млн теңге көлемінде пара алу кезінде бас экологиялық инспектор – осы облыстың экология департаменті басшысының орынбасары Т. ұсталды. «Әрбір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша егжей–тегжейлі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін нақты себептер мен жағдайларды анықтау қажет», - деп түйіндеді М. Төлеубаев.
Кеңес қорытындысы бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев әрбір сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша министрлікте тәртіптік шаралар қабылданатынын айтты. Ол барлық деңгейдегі басшыларға сеніп тапсырылған саладағы қызметкерлер арасында жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның талаптарын және жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы барлық деңгейдегі басшылар қабылдаған міндеттемелерді мүлтіксіз сақтауды, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуді тапсырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.