Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша кеңес өткізді
Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 4 айында 344 жол-көлік оқиғасы орын алды. Күн сайын көлік құралдарының саны артып, жолдардағы қозғалыс қарқындылығы артып келеді. Сондықтан ЖКО салдарынан қаза табу немесе жарақаттанудың алдын алу ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің төрағалығымен басқарма, аудандық полиция бөлімдері басшыларының қатысуымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Облыстың бас полицейі патрульдеу кестелері мен бағыттары қайта қаралып, жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысатын автобустар мен таксилерді анықтау бойынша жұмыстар күшейтілетінін, олардың техникалық жай-күйін тексеру ұйымдастырылатынын айтты.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін бағдарламалық кешендердің мүмкіндіктерін зерделеуде.
- Егер жүргізушілер жол тәртібін қатаң сақтаса, бұл шаралардың барлығы тиімді болады. Белгіленбеген орындарда жолды кесіп өтуге тырысатын жаяу жүргіншілер де ережелерді өрескел бұзуды жалғастыруда. Жолдағы тәртіп әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің қырағылығы мен сақтығына байланысты, – деп атап өтті Ж. Сүлейменов.
[xfvalue_img]