Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – біздің міндет!

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – біздің міндет!

Қазіргі заманның мәселелерінің бірі – қоғамдағы жемқорлық. Бұл жағымсыз құбылыстың дамуы ұрпақ тәрбиесіне зиян тигізетіні бәрімізді алаңдатады. Егер сіз осы мәселеге тереңірек үңілсеңіз, онда сыбайлас жемқорлық елдің болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян келтіретінін аңғарасыз. Яғни, бұл келеңсіз құбылыспен күрес бүкіл халықтың алдында тұрған ортақ проблема болып табылады. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы немесе қате аудармасы, жалған жауап алу немесе жалған қорытынды беруден немесе қате аударудан жалтару, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясында, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іріктеу міндеттерін іске асыру жолымен нақты айқындалған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу алгоритмі Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан, ол бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесіндегі басты бағдарламалық құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді.

Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес негіздерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайту мен жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық және әлеуметтік зұлымдық ретінде қабылдаған жағдайда ғана қалыптасады. Азаматтар сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін олар өз құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай білуі, жеке, кәсіби өмірде және қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымға ие болуы тиіс. Жалпы, қоғам ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою маңызды. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады. Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бүкіл судьялар корпусының және сот жүйесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді ұстанымына байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл сот жүйесінің табысты және нәтижелі жұмысының, сондай-ақ халықтың сотқа сенімін арттырудың кепілі болып табылады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі неғұрлым пәрменді шара сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жеткізуі, соттар қызметінің ашықтығы, сондай-ақ кез келген деңгейдегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне үзілді-кесілді ымырасыз көзқарас болып табылады.

 

Бауыржан Алимбаев

Орал қаласының №2 сотының сот приставы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив