Адам қағып кеткен кәмелетке толмаған жүргізушіге қатысты үкім жарияланды

Адам қағып кеткен кәмелетке толмаған жүргізушіге қатысты үкім жарияланды

        Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 04-ші желтоқсанда кәмелетке толмаған А.Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

        Сотпен анықталғаны, яғни 23-ші тамыз 2020 жылы кәмелетке толмаған  А.Б. көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз Lexus LX 570 маркалы автокөлігімен Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы бойымен келе жатып, Әйтеке би көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан өтіп кетіп, жол қозғалысы қағидасының талаптарын өрескел бұзып, жаяу өтіп бара жатқан жүргінші Д.С.-ны қағып кеткен.

       Нәтижесінде осы жол көлік оқиғасы салдарынан Д.С. оқиға орнында қайтыс болған.

       Кәмелетке толмаған А.Б.-ның іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сараланған, яғни адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзған.

       Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлігінің санкциясы белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

     Сот үкімімен кәмелетке толмаған А.Б.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлігі бойынша екі жыл алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

      Сотталушының кәмелетке толмаған жасын, оның өз кінәсін толық мойындағанын, жәбірленушілер тарапына моральдық зиянды және материалдық залалды өтегендігін, жәбірленуші өкілі тарапынан талаптардың болмауын ескеріп, сот Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 63-бабын қолана отырып, бір жылға сынақ мерзімімен  шартты түрде жаза тағайындады.

     Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 63 бабының 3 бөлігіне сай, кәмелетке толмаған А.Б.-ны белгілі бір жерлерге баруына тыйм салу түріндегі және оның бос уақытын шектеу туралы пробациялық бақылау белгіледі.     

     Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив