Электронды сот ісін жүргізу уақыт талабы

Электронды сот ісін жүргізу уақыт талабы

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып, еліміздегі сот жүйесінде электронды сот төрелігі қарқынды дамып келеді.  Бұл жүйе қазірдің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Электронды сот төрелігін пайдалану оңай әрі қолжетімді. Соның бірі сот жүйесінде кеңінен қолданысқа енген «Сот кабинеті» сервисі. Бұл жүйені пайдаланудың қолайлылығын азаматтарымыз ол өмірге жолдама алған алғашқы күндерден бастап-ақ аңғарды десек, қателеспейміз. Бұл «кабинет» – сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияның бірі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап қою, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Сот кабинетінің мобильді қосымшасындағы жаңалықтар сервисі істерді қарауға, нақты сот органы бойынша таңдап алу мүмкіндігімен тағайындалған сот отырыстары туралы ақпаратты (өткізу күнін, орнын, уақытын) онлайн режімде табуға; тапсырылған құжаттар сервисі осы қосымшаны пайдаланушыға мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен сот органдарына Сот кабинеті веб-сервисі арқылы жолданған барлық барлық құжаттарды көруге; хабарлау сервисі  пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға; сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге; чат сервисі қосымша пайдаланушыларына мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің интернет-ресурсында «Талдау» форумы» атты талдамалық ақпараттық жүйені іске қосты. «Талдау» форумының түпкі мақсаты сот актілерін жүйелеу және оларға мониторинг жүргізу, нақты іс санаттары бойынша сот тәжірибесін талдау болып табылады. Сервис барлық іс санаттары бойынша сот практикасына жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сөйтіп, соттар қызметіне деген халық сенімін арттыруға бағытталған. Істер санаттарының бірыңғай жіктеуіші кодекстердің, заңдар мен республика соттарында қаралған істерді инвентаризациялау нәтижелерінің құрылымын ескере отырып құрылған.

Соңғы кезде қазақстандық сот төрелігі жүйесі қоғам үшін неғұрлым қолжетімді әрі ашық бола түсуде. Сот істерін қарау сапасы мен жеделдігін арттырудың тұрақты үрдісі де байқалып келе жатқан оң құбылыс.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының жетекші маманы А.Н.Әлімбекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив