Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлықпен күресеміз деп қанша ұрандап жатқанымызбен қанға әбден сіңіп кеткен қазекемнің көрсе қызарлығы, тойымсыздығы қайран қалдырады. Бір алып үйренген қол қайта алғысы келіп тұрады. Өткен жолы бір-екі миллиардтан жымқырса, келесі де аузын кеңге ашады. Ең қызығы бұл жемқорлық кез келген жерден табылады. Кішігірім ауыл-аймақтың өзінің бірнеше саласын жайпап алған. Ал ең сорақысы бұл індет қоғам үшін қалыпты жағдайға айналып барады.

Жемқорлыққа қатысты мәліметтерді бір шолып өтсеңіз бұл індеттің әсіресе білім саласында көбірек екенін көруге болады. Жаңалықтарда да бұл туралы жиі айтылады. Баланы балабақша мен мектепке орналастыру, мектепке мұғалім болып тұру сынды сәттерде парақорлықтың дендеуі өршіп барады. Мектеп директоры мен есепшінің ақша жымқыру туралы ақпараттар да интернет-ресурстарда жетіп артылады. Бұл ғана емес, медицина, спорт, инфрақұрылым, мәдениет саласында да кездесетін парақорлықтан көңіл құлазиды. Жемқорлық қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықтың бірі екенін түсінетін уақыт жетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіліп-ақ жатыр. Таудай көрсеткіш болмаса да, аз да болсын оң нәтиже бар. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және дүние жүзіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу жөніндегі халықаралық «Transparency International» ұйымы былтырғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің нәтижелерін жариялады. Онда біздің еліміз 180 елдің ішінде 93-орынға табан тіреп, позициясын 8 тармаққа жақсартқан. Бұл елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.

Жақында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресті бүкіл қоғам болып жалғастыра беретінімізді айтқан еді. Ол өз сөзінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үштұғырының бір негізі ретінде осы індетпен күрес жолын атап өтті. «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз  – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек. Ал әрбір адал адам еңбегімен адал табысқа жетеді», деді Мемлекет басшысы. Осы айтылған қағиданы әркім ұстанса игі болар еді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында іс-қимыл жасау соттар қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Судьялармен мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

С.Н.Асильбеков,

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

Әскери соты департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив