САНАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

САНАЛЫ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Қазақ халқында «Тәрбие тал бесіктен басталады», «ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген қанатты сөздер бекер айтылмаған. Сөздің басы бесіктен бастау алуында үлкен мән бар. Жалпы соңғы кездері мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсеңіз, таң қалмаңыз.

Мұндай алдын-алу жұмыстарын ерте жастан жүргізудің басты мақсаты – балалардың санасында өмірдің әр саласында кездесетін жемқорлықпен күрес дағдыларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, көзқарас, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Бесіктен соң балабақша, ал балабақшадан соң бала тәрбиесі мектепте жалғасады. Сондықтан балабақша жасындағы балалардың ата-аналары бұл бағыттағы тәрбиеге немқұрайлы қарамаулары тиіс. Көз алдында ата-анасы бала-бақша тәрбиешісіне үнемі сыйлық сыйлап жатқанын көріп өскен бүлдіршін, ересек өмірінде мұның бәрін, атап айтсақ жағымпаздануды, ақша арқылы өзіне ерекше көңіл аудартуды қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болады.    

Келесі өзекті сауал, мектептерде балаларға қандай тәрбие беруде? Бұл сұрақ алдымен ата-ана көкейінде жиі қойылатыны белгілі. Рас, сапалы білім беру, түрлі пәндік олимпиадаларға қатыстыру, спорттық сайыстарға тарту сияқты білім беру орындарының берері көп.

Сонымен қатар, соңғы жылдары мектеп оқушыларын сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға шақыратын шаралардың көбейе түскендігі де жасырын емес. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттер клубы, мектептерде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтары құрылып, жасөспірімдердің бойына парасаттылық, адамгершілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіріп, патриоттық сезімге тәрбиелеп, жемқорлық, парақорлық сынды жағымсыз әдеттердің зиянын ұғындыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде. Бүгінгі күні облыстағы 645 «Адал ұрпақ» клубтарының 45 мыңға жуық мүшесі бар.

Сондай-ақ, биылғы оқу жылында барлық оқу орындарында өскелең жас ұрпақты адалдыққа дәріптейтін «Адалдық сағаттары» 4 мәрте өткізілді. Бұл жарқын бастама жас буынның рухани болмысын бекітіп, адам бойындағы ең асыл қасиет – парасаттылықты дәріптеуге зор мүмкіншілік беруде. «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи» - деп шығыстың біртума ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы айтып кеткендей, «Адалдық сағаттарында» балалар даналардың қуатты сөздеріне қанығып, парасаттылық, әділдік және сенім ұғымдарының философиялық мән-мазмұндары тереңнен түсіндіріледі.

Ал, «Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – студенттер мен жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады. Яғни, кез-келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған студент қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган ретінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жастармен тұрақты түрде тығыз жұмыс жүргізуде. Саналы ұрпақ – ұлт болашағы. Ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі – тәрбие мен білімде.

 

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Е.Н.Жалмағамбет

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив