Жоғарғы Сот жеке кәсіпкерді жалпыға ортақ жолда кедергісіз және тегін жүруді қамтамасыз етуге міндеттеді

Жоғарғы Сот жеке кәсіпкерді жалпыға ортақ жолда кедергісіз және тегін жүруді қамтамасыз етуге міндеттеді

6001-24-00-3gp/114 

ЖШС өндірістік базаның және бір жер учаскесінің меншік иесі болып табылады, оған іргелес басқа жеке кәсіпкер жалға алған жер учаскесі орналасқан. 

«Тіркеуді ұйымдастыру үшін» өзінің уаскесінде мақсатты жұмысын жүзеге асыра отырып, жеке кәсіпкер шлагбаум орнатып, одан өтуді ақылы жасаған. 

ЖШС жалпыға ортақ пайдаланылатын жолмен жүру құқығын бұзылған деп санап, көліктің кедергісіз, тегін жүруін қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкердің үстінен талап қоюмен сотқа жүгінген. 

Жергілікті соттар әкімдіктің жеке кәсіпкерлерге жер телімін беру туралы қаулыларының күші жойылмағанын немесе дауланбағанын негізге ала отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Тараптар арасындағы құқықтық қатынас сервитут белгілеу арқылы шешіледі және талапкер мұндай талаптарды қоюға құқылы деп есептелді. 

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі қарай отырып, мынаны атап өтті: 

Жауапкердің учаскесі:

Бас жоспарға сәйкес ол уәкілетті органмен расталған жалпы пайдаланымдағы жолға дәл келеді,

-елді мекеннің жер санатына жатады, яғни басқа функционалдық аймақтың бөлігі болып табылады, ол өз кезегінде көлік жүруге де, ортақ пайдалануға да арналған. 

-Жауапкерге жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің елді мекендерде жерді пайдалану және азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығын беру кезіндегі шектеулер белгілейтін нормалары ескерілмеген. 

-Жеке кәсіпкерге өзінің аумағына кіруді ұйымдастыру үшін ол арқылы жалпыға ортақ жол өтетін учаске ретінде берілген. 

Алайда, жолдың өзі жеке кәсіпкердің пайдалануына белгіленген тәртіппен берілмей, жолдың болуы ауыртпалық ретінде көрсетілмеген. 

 Жоғарғы Сот жеке кәсіпкердің әрекеті (шлагбаум орнату және ақы төлеу) ЖШС-нің жалпы пайдаланымдағы жолда жүру құқығын бұзғанын көрсетті. 

Жоғарыда аталғандарға байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күші жойылып, ЖШС-нің талап қоюы қанағаттандырылды. 

Жеке кәсiпкер ЖШС-не жалпы пайдалану тетіктерін және жолдан көлiк құралдарының еш кедергiсiз және тегiн өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив