Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметші – қоғам, мемлекет айнасы, биліктің жарқын келбеті десек артық болмас. Мемлекеттік қызметті атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша, ерекше сенім білдіру деген сөз. Өйткені, мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
        Жалпы, мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Мемлекеттік қызметші заң тұрғысынан да, адами тұрғыдан да барлық талапқа сай болуы тиіс. Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
       Мемлекеттік қызметші мемлекеттің айнасы, мемлекеттің табысты жұмыс істеуінің кепілі болғандықтан бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайының алдын алуға бағытталған.
Әсіресе ашықтық және қызмет алушыға бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдық берілген. Өз кезегінде халықпен қарым-қатынас мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің негізгі сапасы болғандықтан мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі қажет.
        Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің жоғары талаптар қоятындығын есте сақтауы қажет.

Қаженов Руслан Сайфетдинұлы 

БҚО, Казталов аудандық соты әкімшісінің басшысы                          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив