Тіл тағдыры - ел тағдыры

Тіл тағдыры - ел тағдыры

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс.

Алғашқы 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған "Тіл туралы” Заңда "Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында "Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіліміз – ең басты байлығымыз. Менің пікірім әрбір Қазақстандық азамат оны білу керек деп есептеймін.

Қазақ тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың айтқанындай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде Мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз ол, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген, құрметтейтін ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері оның ішінде, өзіміз де жанұямызда ұл-қыздарымызға Қазақстанның халқы туралы, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін-мемлекеттік тілін білуі міндетті екендігін естеріне салып ал, білмегендерге түсіндіріп, үнемі бас қосқан көпшілік орындарда, жиындарда ортаға салып отыруымыз қажет деп ойлаймын.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық Құрметті әріптестер. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Мемлекеттік тілді дамыту үшін, бұл істе ала болмай, түгел болып кіріссек, көздеген мақсатқа тездетіп жетуге болатынына сенімдімін. Қазір ХҚКО ғимараттарында Тіл туралы, іс-жүргізу нормативтері, ХҚКО-дағы құжаттар айналымы туралы стенділер ілінулі тұрғандығын айта кеткім келеді, күнделікті жүргізіліп жатқан іс-қағаздар, өткізіліп жатқан семинар-кеңестер қазақ тілінде орындалуда міне осының өзі мемлекеттік тілге деген құрмет оны әрі қарай дамытуға қосып жатқан үлестер деп білемін және мемлекеттік тілге деген қамқорлықтың оны дамытудың белгісі деп ойлаймын.

А.Мұратова 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі   

мамандандырылған ауданаралық

соты әкімшісінің жетекші маманы 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив