Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс. Қазақ тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде Мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Алғашқы 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл  - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында «Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады», - деп жазылған.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз ол, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген, құрметтейтін ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды.

Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері оның ішінде, өзіміз де жанұямызда ұл-қыздарымызға Қазақстанның халқы туралы, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, мемлекеттік тілін білуі міндетті екендігін естеріне салып ал, білмегендерге түсіндіріп, үнемі бас қосқан көпшілік орындарда, жиындарда ортаға салып отыруымыз қажет деп ойлаймын.

Сонда ғана мемлекеттік тіліміз, қазақ тіліміздің деңгейі жоғарғы сатылардан көрінеді. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде бұқаралық ақпарат құралдары алдыңғы қатардан табылып, бұл істердің игілікті болуы үшін бір атаның баласындай үлес қосулары тиіс. Күнделікті жүргізіліп жатқан іс-қағаздар, өткізіліп жатқан семинар-кеңестер қазақ тілінде орындалуда. Міне, осының өзі мемлекеттік тілге деген құрмет, оны әрі қарай дамытуға қосып жатқан үлестер деп білемін және мемлекеттік тілге деген қамқорлықтың, оны дамытудың белгісі деп ойлаймын.

Ч.Г.Каныбеков

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының аға сот приставы                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Barney 30 августа 2023 02:24

    Hmm it appears like your site ate my first comment (it was extremely long) so I guess I'll just sum
    it up what I had written and say, I'm thoroughly enjoying your
    blog. I too am an aspiring blog writer but I'm still new to the whole thing.
    Do you have any tips and hints for rookie blog writers?
    I'd genuinely appreciate it.

    my homepage - telfast en vente libre au Luxembourg

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив