Кездесу өтті

Кездесу өтті

Ақжайық аудандық сотының судьясы Г.Т. Сагитова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Д. Калимеденов шараны ашып, судья Г.Т. Сагитова сөз алып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына тоқталып, сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір азаматтың міндеті болып табылатынын, ондағы қойылған талаптар мен шектеулер туралы айтып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделгенін, сондықтан қызметкерлер арасында  құқық бұзушылықтарға оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу үшін тиісті шаралар қолданып, жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Шара соңында  судья Г.Т. Сагитова қатысушылардың тақырып бойынша пікірлерін тыңдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және халық сенімін арттыруға ат салысып, қызметтерін адал атқарып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыру шараларын орындау керектігін ескеріп өтті. 

Ақмарал Нұрым 

Батыс Қазақстан облысы 

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив