Сыбайлас жемқорлық-індет, оны болдырмау-міндет

Сыбайлас жемқорлық-індет, оны болдырмау-міндет

 

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі беріліп, оның алдын алу мен болдырмау бағытындағы құқықтық іс шаралар жүйелі және кешенді сипатын тапты.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, аталған адамдардың не олардың жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану, мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету және тағы да басқа құқық бұзушылықтар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс. Мемлекеттік басқару жүйесінде аса өзекті түйткілдің бірі болып табылатын  сыбайлас жемқорлықпен күрес шұғыл шешімін табуды талап ететін мәселе. Мемлекеттік аппараттың сыбайластығы елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсерін тигізе бастағаны да жасырын емес. Күні кешеге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді әрекет жасаудың нақты жүйесінің болмауы бұл тажалды тамырынан жоюға мүмкіндік бермеді. Күрес құқық қорғау органдарының барлық саласы тарапынан жүргізілгенімен, ортақ әрекеттің жоқтығы оң нәтижеге қол байлау болды. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкімшілік жауапкершілік пен шара тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделеді. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке, ат салысып, қарсы тұруымыз қажет.Сонда ғана ел мүддесі үшін зор  үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы

И.Нургалиева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив