Медиацияда жеңілген тарап болмайды

Медиацияда жеңілген тарап болмайды

Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатынын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен дауды реттеу рәсімі.

Медиатор – «Медиация туралы» заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға. Халық арасында «медиация» ұғымының не екенін, оның не үшін қажеттігін және медиация көмегіне қалай жүгінуге болатындығын білмейтіндер көп.

Медиация даулы мәселені бітімгершілікпен шешеді. Қазіргі сот жүйесіне өте қажетті бағыттардың бірі. Медиация арқылы сот жұмысының да, тараптар арасындағы ұзақ уақытқа созылатын әуре-сарсаңын да азайтады. Дұрыс қолдана білсе, екі тарап та ерікті түрде бір мәмілеге келе алады.

Қазіргі кезде дау көбейді. Оған басты себеп – меншік түрлерінің көбеюі, нарықтық қатынастардың дамуы және халықтың құқықтық сауаттылығының артуы мен азаматтардың психологиялық-эмоциялық жағынан өзгеруі. Азаматтар болмашы дүниеге ұсақ даулармен сотқа жүгініп жатады. Әрине, әр азаматтың сотқа жүгінуге құқығы болғанымен, екі тараптың да талабын қанағаттандыратындай тиімді шешім шығару мүмкін емес. Бір тарап жеңсе, бір тараптың жеңіліс табуы қалыпты жағдай, заңды үрдіс. Алайда, медиацияда жеңген, жеңілген тарап болмайды, екі жақ ортақ келісімге келетіндіктен дауды екеуара ақылдаса отырып бітіреді. Кейбір жағдайларда, сот шешімін ұзақ күтуге тура келеді. Өйткені, дау бір сот отырысымен шешілмейді.

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады. Азаматтар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасының артары сөзсіз.

Қанатұлы Жандос 

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы аудандық соты әкімшісінің

бас маманы –сот отырысының хатшысы                

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив