Бітімге келу ұтымды шешім

Бітімге келу ұтымды шешім

Қазақ даласында болған билер институты да татуласу рәсімдерін өткізудің айқын мысалы болып табылады, себебі ең басты мақсат дауласқан тараптарды татуластыру және залалдың орнын толтыру болды.

Қазіргі таңда, сол үрдіс өз жалғасын тауып, медиация институты енгізілді және ол жөнінде заң қабылданды.

Медиация дегеніміз ол тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.

Медиатор - «Медиация туралы» Заңның талаптарына сәйкес кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізу үшін тараптар тартатын жеке тұлға.

Халық арасында «медиация» ұғымының не екенін, оның не үшін қажеттігін және медиация көмегіне қалай жүгінуге болатындығын білмейтіндер көп.

Нақтырақ айтсақ, медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі.

Аталған  үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.  

Медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады.

Азаматтар, сондай-ақ  заңды тұлғалар медиацияға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.

Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 % медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 %-нда оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Медиацияның тиімділігіне тоқталсақ, бәріне белгілі даудың сотта реттелуі екі жаққа бірдей тиімді бола бермейді.

Бір жақ жеңсе, екінші жақтың жеңіліс табуы қалыпты жағдай, заңды үрдіс.

Алайда, медиацияда жеңген, жеңілген тарап болмайды, екі жақ ортақ келісімге келетіндіктен дауды екеуара ақылдаса отырып бітіреді.

Кейбір жағдайларда, сот шешімін ұзақ күтуге тура келеді.

Өйткені дау бір сот процесімен шешілмейді. Ал медиацияда екі жақ бір кездесуде-ақ өзара мәмілеге келе алады.

Сонымен қатар, елімізде шетелдік компаниялардың қатысуымен жасалған медиациялық келісімді басқа шет мемлекетте тану мәселесі бар.

Ол үшін халықаралық татуласу келісімдері туралы Конвенциясын ратификациялау қажет.

Сонда дау тараптары үшін татуласу келісімін басқа юрисдикцияда тану және орындау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндіктері туындайды. 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 аудандық сотының судьясы       

Бағлан Идирисов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив