ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ

Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – ұлттық байлығымыз және атадан қалған асыл мұрамыз. Түркі тілдес елдер арасында біздің тіліміз бай және анықтығымен, сондай-ақ, өзіне ғана тән ерекшелігіменен жоғары дәрежеге ие.

Конституциямыз бойынша, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болса, ұлтаралық қатынастарда орыс тілі қолданылады. Осы заңның барысында қазақ тілі көлеңкеленіп қалды деп абыржитындар аз емес. Расымен де, қазақ тілінің тағдыры да тек қазақтың қолында. Еліміздің батысы мен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігі түгелімен тұтаса қазақ тіліне деген құрметін адамдық сертіне айналдыра білуі қажет. Себебі, бұл тілдің бізден басқа иесі жоқ. Ал орыс тілінің елімізде атқарар рөлі қандай? Бұл сұраққа  данышпан Абай заманынан бергі уақытта бой көтере бастаған бүкіл қазақ зиялылар еңбегімен де тіл қатуға болады. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов ағартушылық ісіндегі бір сөзінде былай деген. «Ақіреттік пайда үшін мұсылманша оқып, дінді танысаң, орысша оқып, орыс тілін үйреніп, өмірлік қажеттіліктеріңе қол жеткіз. Сонда, жеріңді, малыңды сақтайсың, басқалардан қорлық көрмейсің». Дәл осы ой қазақ халқының қазіргі тіршілігінде орыс тілінің қаншалықты маңызды екенін айқындап берген. Егер, заңда ұлтаралық қатынас тілін орыс тілі етпесе, қара қазақ бір тілменен шектеліп қалушы ма еді, кім білсін… Ең алдымен, орыс тілі елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдерімен қатынаста керек болса, екіншіден, таяз болып, мәдениеті бой көтере алмай қалған халқымыздың дамуы үшін қажет болды.

 Еліміздегі тіл тағдырының мәселесін қазақтың өзі қолдан жасап отыр. Қазақ халқы үшін қазақ деп жүрегі соғатын пендені қазақ тілімен шектелгендер және өз тілімен қоса, өзге тілдерді меңгергендерді жатқызуға болады. Жаны қысылғанда қазақпын деп, өз тілінің өзегінен теуіп, өзге елдің мәдениеті мен тұрмысына еліктеген, қазақ қазақ болама. Демек, тіл тағдырын әрбір қазақ өз қолына алып, тіліне деген құрметін бір сәтке де жоғалтпай, оны күнделікті тірлігінде адамдық келбетіне айналдыра беруі қажет етіледі. 

Өз елімізде алдымызда қай ұлт өкілі тұрса да қазақша сайраған жөн, сол кезде қандай ұлт болсада қазақ тілін білуге ұмытылыс жасайды,  

Дегенменде, әр қазақ бір тілмен шектелмей, өзге тіл менен өзге әдебиетті тану арқылы қоғамдық ой өрісін кеңейту үшін орыс не өзге де шет тілдерін білуге ұмтылуы қажет.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». «Қанша елдің тілін білсең, сонша ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ.

Қазақ тілі-алтын қазынамыз әрдайым биікте болсын.

Жанна-Мари Вебер

Сырым аудандық соты әкімшісінің басшысы                                                                                                

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив